«Қазақстан жерін Ресейге беру керек» деген Орал тұрғыны Ресейден босқын мәртебесін алды

Яковченконы Қазақстанға экстадициялау мүмкін емес


15/02/2023
16:19 21107 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

«Сепаратистік мазмұнда пікір айтты» және «әлеуметтік алауыздық қоздырды» деген Орал тұрғыны Максим Яковченко Ресейден босқын мәртебесін алды. Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті сол себепті оны экстрадициялау мүмкін еместігін мәлімдеді.

 

– Оның Ресей аумағында босқын мәртебесі бар болғандықтан, қазіргі кезде күдіктіні экстрадициялау мүмкін емес, – делінген полиция хабарламасында.

 

Полиция мәліметінше, Яковченконың былтыр желтоқсанда Ресейдің Ростов облысында жүргені анықталған. 

 

Максим Яковченко 2022 жылдың басында әлеуметтік желідегі парақшасында пост жариялап, «Орал, Петропавл, Павлодар және өзге [аймақтарды] Ресейге беру керек» деп жазған. Кейін Яковченко жазбасының скриншоттарын журналист Лұқпан Ахмедияров жариялаған. Журналист бұл іс бойынша куәгер ретінде танылған. Яковченко жазбасынан кейін оның үстінен «сепаратизм» және «әлеуметтік алауыздық қоздыру» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Поделиться

Нет комментариев.

15/02/2023 16:19
21107 0

Уведомление